- Өнім сынамаларын зерттеу нәтижелері
Ұлытау облысы бойынша 2026 жылдың 9 айында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру шеңберінде 692 өнім сынамаларына (оның 142-і ҚР өнімдері, 386-ы ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімдері, 164-сі басқа мемлекеттердің өнімдері) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің және бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігін анықтауға зерттеу жүргізілді.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша 28 сынамадан (4%) талаптарға сәйкессіздік фактілері анықталды. Бұзушылықтың 26 жағдайы таңбалау көрсеткіші бөлігінде, 2-і физикалық- химиялық ластанудан болған.
- Жедел ден қою шаралары және қолданылған санкциялар
Анықталған сәйкес келмейтін сынамаларды өткізуден алу және кері қайтару түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы 10 қаулы беріліп, 88,4 кг өнімдер сөрелерден алынып тасталды.
- Тергеп-тексеру және сапасыз өнімдердің жеткізілу тізбегін анықтау
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылуына әкеп соқтырған мән-жайлар, себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын 10 кәсіпкерлік субъектілеріне тергеп-тексеру жүргізілді.
- Департамент ұсынымдары
Департамент дүкен сөрелерінен өнімдерді таңдау кезінде бірінші кезекте тауардың таңбалануына мән беруді ұсынады. Таңбалауда өнімнің атауы, дайындалған күні, шарттары мен сақтау мерзімдері, құрамы, тағамдық қасиеттері мен ерекшеліктері және өндіруші туралы мемлекеттік және орыс тиліндегі ақпарат, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын белгілер болуы тиіс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





