ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 2

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша штаб отырысын өткізді.

    Жиында өңірдегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмыстарының тиімділігі қаралды.

    Облыс әкімі профилактикалық іс-шаралардың басым бөлігі көзбояушылық сипатта қалып отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты жұмыстарды қағаз жүзінде емес, нақты нәтижемен бағалау қажет.

    Сондай-ақ полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалып отырғанына қарамастан, аудандық полиция бөлімдерінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

    Осыған байланысты аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына Тараз қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, 9–10 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастыруды тапсырды. Кездесулерге ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділерін де тарту қажет.

    Жиын қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар нақты міндет жүктелді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары