КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 4

    Қалада экологиялық мәселелер жөнінде жұмыс тобының кәсіпорындарды аралау іс-шаралары жалғасын табуда. Мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, жергілікті тұрғындар, экобелсенділер, Полиция департаментінің өкілдерінен құрылған жұмыс тобы кезекті баспасөз турын өткізді. Көпшілік алдымен «Polymettech»ЖШС кәсіпорнына барды.

    Зауытта қорғасын құймалары өндіріледі. Кәсіпорын кен орындарынан алып келген шикізатты балқытып, дайын өнім шығарады. Қалалық экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев кәсіпорындардағы экологиялық жағдайды зерделеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    – Өндіріс орнының аумағында зертханалық талдау жұмыстары жүргізілді. Өздеріңіз байқағандай, шекті нормадан асу жағдай тіркелген жоқ. Біз бұл жұмыстарды жыл соңына дейін жалғастырамыз. Келесі аптада басқа нысандарға бару жоспарланып отыр. Экология департаменті тарапынан жыл басынан бері 36 тексеру жүргізілді. Оның ішінде, 18-і – профилактикалық бақылау. Талаптарды бұзған бірқатар кәсіпрорындарға айыппұл салынып, өндірілді, – дейді департамент басшысы.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың экологиялық жұмыстарының ашықтығына көз жеткізу. Жұмыс тобы зауыт аумағында өндіріс барысын аралап, өлшеу құрылғыларының жұмысымен танысты.
    Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен арнайы құрылған жұмыс тобы одан әрі «Sin Yuan Steel» ЖШС темір балқыту зауыты аумағында да болып, экологиялық жағдайды бақылады. Сонымен қатар, іс-шарада қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берілді.

    Қазіргі таңда ірі кәсіпорын жанындағы елді мекен тұрғындарының жағымсыз иіске байланысты шағымдары айтылған еді. Осыған орай қала әкімінің арнайы тапсырмасымен экологиялық мәселелер жөнінде жұмыс тобы құрылып, өндіріс орындарындағы жағдайды зерделеу іс-шаралары атқарылуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары