2026 жылдың 05 қарашасында «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айнара Құрманғалиқызы Бисенова аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлері және штаттан тыс қызметшілерімен жиналыс өткізді.
Түсіндіру жұмыстары аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы туралы баяндама дайындалды.
Баяндамада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, азаматтардың сенімін нығайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері қарастырылды.
Сонымен қатар қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді мүлтіксіз сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






