САУРАН АУДАНЫНДА 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛҒАН

    САУРАН АУДАНЫНДА 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛҒАН

    Сауран ауданындағы елді мекен көшелерін жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жаңа жарықшамдар орнатылып, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге басымдық беріліп келеді. Қазіргі таңда ауданның 12 ауылдық округіндегі 218 көше жарықтандыру шамдарымен қамтылған. Олардың жалпы ұзындығы 242,3 шақырымды құрайды. Бұл аудан көшелерінің 27 пайызына тең. Жұмыстарды «Сауран жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізуде.

    Сонымен қатар, Қарашық және Шорнақ ауылдық округтерінде күн энергиясымен жұмыс істейтін көше шамдары орнатылған. Мұндай технология электр энергиясын үнемдеуге және баламалы қуат көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ауданда орнатылып жатқан жарықтандыру шамдары жергілікті өнім болып саналады. Оларды Сауран ауданында орналасқан «Dias Comp» компаниясы шығарады. Осылайша көше жарығын жаңарту жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздігіне жағдай жасап, жергілікті өндірісті қолдауға да үлес қосып отыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары