ҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да қаржылық қауіпсіздік және кәсіби бағдар тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Басқосуға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиев пен университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.
Жүздесу барысында департамент басшысы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі, қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және аталған мекемеге қызметке іріктеу туралы айтып берді. Департаменттің Превенция және талдау әзірлемелері басқармасының басшысы Алтан Азамат университетпен бірлесіп әзірленген қолданыстағы IT жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, Департамент қызметкері Гүлзия Қарсыбай студенттерге қаржылық қауіпсіздік, дропперлік жүйенің қауіптері және олардан сақтану жолдары туралы дәріс оқыды.
Кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









