ХАБАРЛАНДЫРУ!

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

    Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасы аясында дәндік жүгерінің өңдеуге өткізілген көлеміне және жабық топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарына субсидия төленетіндігін хабарлайды.

    Осыған байланысты, «Қызылорда облысы бойынша басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға 2026 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 29 қазандағы № 222 қаулысы бекітілді.

    2026 жылғы 4 қараша күні сағат 09:00-де (жергілікті уақыт бойынша) Gosagro.kz веб-порталы арқылы басым дақылдарды субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталады.

    Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары