Целиноград ауданы әкімінің аппаратында «e-Otinish» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізуге жауапты мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен түсіндіру семинары өтті. Іс-шараға Ақмола облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕАКД өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры Қанат Қуат Қанатұлы қатысты.
Семинар барысында «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде өтініштерге мәртебелерді дұрыс беру, өтініш түрлерін негізсіз өзгертуге жол бермеу және өтініштерді қарау тәртібін сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметкерлерді басқа лауазымға ауыстыру тәртібі, материалдарды Ақмола облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің қарауына енгізу, сондай-ақ құмар ойындарға қатысудың алдын алу мәселелері қаралды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары мен қызметтік міндеттерді орындау кезінде сақталуға тиіс нормалар жөнінде түсіндірме берілді. Азаматтардың өтініштерін қарауда заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды мүлтіксіз орындау қажеттігі атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









