Алматы қаласындағы Ботаникалық бақта орман шаруашылығы саласының дамуына және еліміздің табиғи байлығын сақтауға елеулі үлес қосқан екі ардагерге мемлекеттік наградалар табысталды.
Орман шаруашылығы ғылымының дамуына үлес қосқан экономика ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Байзақұлы Байзақов «Парасат» орденімен, ал орман саласының ардагері Жәнібек Бисенғалиұлы Жұбаниязов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сәбит Байзақов саналы ғұмырын орман шаруашылығы ғылымы мен білімін дамытуға арнап, ғылыми зерттеулер жүргізуге және білікті мамандар даярлауға зор үлес қосты.
Жәнібек Жұбаниязов та ұзақ жылдар бойы орман шаруашылығы саласында еңбек етіп, кәсібіне адалдығымен және жауапкершілігімен құрметке бөленген ардагерлердің бірі.
Бұл марапаттар – орман саласының өркендеуіне өмірін арнаған азаматтардың қажырлы еңбегіне көрсетілген құрмет әрі олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесінің айқын көрінісі.
Ардагерлерімізді жоғары мемлекеттік наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








