Кішкенекөл ауылдық округі әкімдігі мен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен жалпы тұрғындар жиыны өтті
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында азаматтардың жалпы жиыны болып өтті. Іс-шараға Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі А.Т. Койшибаев және Уалиханов аудандық учаскелік инспекторы, полиция капитаны Е.Қ. Қажыбаев қатысты.
Жиын барысында тұрғындарға ағымдағы жылдың 5 қазаны мен 5 қарашасы аралығында аудан аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқандығы хабарланды.
Учаскелік полиция инспекторы Е.Қ.Қажыбаев қауіпсіздіктің негізгі аспектілеріне ерекше тоқталды:
Құқықтық тәртіпті сақтау және «нөлдік төзімділік»: қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсақ бұзақылыққа, белгіленбеген орындарда және аула аумақтарында алкогольдік ішімдіктерді ішуге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Қылмыстың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: отбасы-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға және уақтылы құқықтық көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу: профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдердің тәртібін бақылау, олардың бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ балалардың аулада және жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қозғалды.
Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл: жиналғандарға киберқылмыскерлердің айла-амалндарын қалай тануға болатындығы және өздері мен жинақ ақшаларын қалай қорғау керектігі туралы өзекті ақпарат жеткізілді.
Ауыл округінің әкімі А.Т. Қойшыбаев ауылдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелерінде тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының маңызы зор екенін атап өтті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға пайдалы ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Совместно с участковым инспектором проведен общий сход жителей Кишкенекольского сельского округа
В целях обеспечения общественного порядка, предупреждения правонарушений и укрепления взаимодействия с населением состоялся общий сход граждан. В мероприятии приняли участие аким Кишкенекольского сельского округа А.Т. Койшибаев и участковый инспектор УИП ООБ ОП Уалихановского района, капитан полиции Е.К. Кажыбаев.
В ходе схода жителей проинформировали о том, что в период с 5 октября по 5 ноября текущего года на территории района проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом».
Участковый инспектор полиции Е.К. Кажыбаев подробно остановился на ключевых аспектах безопасности:
Поддержание правопорядка и «нулевая терпимость»: разъяснены вопросы обеспечения общественного порядка, недопущения мелкого хулиганства, распития алкогольных напитков в неустановленных местах и на дворовых территориях.
Профилактика преступности и бытового насилия: особое внимание уделено пресечению правонарушений в семейно-бытовой сфере, формированию атмосферы нетерпимости к любым проявлениям насилия и важности своевременного обращения за правовой помощью.
Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних: затронуты вопросы контроля за поведением подростков, состоящих на профилактическом учете, организации их занятости, а также соблюдения мер безопасности детьми во дворах и на дорогах.
Противодействие интернет-мошенничеству: до присутствующих доведена актуальная информация о том, как распознать уловки киберпреступников и обезопасить себя и свои сбережения.
Аким сельского округа А.Т. Койшибаев подчеркнул значимость совместной работы жителей и местных органов власти в вопросах поддержания безопасности и правопорядка в селе.
В завершение мероприятия всем участникам встречи были розданы полезные информационные брошюры и памятки.









