
2026 жылғы 30 шілдеде Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі А.Т. Қойшыбаев пен учаскелік полиция инспекторы Е.К. Қажыбаевтың қатысуымен ауыл аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.Рейд барысында ауыл көшелері мен оған іргелес аумақтар тексеріліп, абаттандыру және санитариялық тазалық талаптарының сақталмау фактілері анықталды. Үй иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді және анықталған кемшіліктерді уақытылы жою қажеттігі түсіндірілді. Рейд қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.Құрметті ауыл тұрғындары! Абаттандыру қағидаларын сақтау – ауылымыздың тазалығы, тәртібі мен қауіпсіздігіне қосқан әрбір азаматтың үлесі. Сіздерді аулаларыңызды таза ұстауға, шөпті уақытылы шабуға, қоқысты белгіленбеген орындарға төкпеуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана Кішкенекөл ауылын таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз.
30 июля 2026 года акимом Кишкенекольского сельского округа А.Т. Койшибаевым совместно с участковым инспектором полиции Е.К. Кажыбаевым был проведён обход территории села с целью выявления нарушений Правил благоустройства.В ходе рейда были обследованы улицы и прилегающие территории, выявлены факты несоблюдения требований по благоустройству и санитарному содержанию. С владельцами домовладений проведены профилактические беседы, даны соответствующие рекомендации и разъяснена необходимость своевременного устранения выявленных нарушений. По результатам проведённого рейда за выявленные нарушения были составлены административные протокола.Уважаемые жители! Соблюдение Правил благоустройства — это вклад каждого в чистоту, порядок и безопасность нашего села. Просим вас своевременно проводить покос травы, поддерживать чистоту на придомовых территориях, не складировать мусор в неустановленных местах и бережно относиться к окружающей среде. Только совместными усилиями мы сможем сделать Кишкенеколь ещё более чистым, уютным и комфортным для проживания.








