Алакөл ауданында «Халық заңгері» акциясы өтті
2026 жылғы 29 қазанда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Үшарал қаласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін анықтау және оларға заң аясында көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужанов, аудан прокуроры Сержан Байбатыров, сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарынан құқықтық кеңес алып, заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер алды.
Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға және тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған.







