"Таза Қазақстан"-экологиялық акция

    1 / 3

    Ауыл тазалығы – ортақ іс: «Жалын» көмір кеніші елді мекендерге қолдау көрсетті
    Туған жердің абаттандырылуы мен оның экологиялық тазалығын сақтау – бәрімізге ортақ міндет.
    Осы бағытта игі іске ұйытқы болып, ауылдардың санитарлық ахуалын жақсартуға іргедегі «Жалын» көмір кеніші айтарлықтай үлес қосты. Кеніш ұжымы арнайы погрузчик техникасын жалдап, Жомарт, Ақбастау, Ералиев ауылдары мен 189-разъездтің сыртында жиналып қалған күл мен қоқыстарды тазалап шығару жұмыстарының шығынын толығымен өз мойнына алды.
    Бөлінген арнайы техниканың күшімен елді мекендердің айналасы толықтай ретке келтіріліп, ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама ауылдарымыздың көрікті келбетін сақтауға және тұрғындар үшін таза орта қалыптастыруға зор септігін тигізді.
    Ел ішіндегі мұндай сауапты іске бейжай қарамай, ауылдардың абаттандырылуына жанашырлық танытқан «Жалын» көмір кенішінің басшылығы мен ұжымына жергілікті тұрғындар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы Жаңарқа ауданы Ералиев ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары