Балалардың құқығын қорғау жөніндегі «Қазақстан балалары» депутаттық тобының жұмысы басталды

    Құрылтай депутаты, «Қазақстан балалары» депутаттық тобының жетекшісі Дана Медеуова Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің «Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» атты ІІ халықаралық форумында сөз сөйледі.

    Ол балаларды қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде парламентшілердің күш-жігерін біріктіруге бағытталған депутаттық топтың жұмысын бастағанын жариялады.

    – Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгін Құрылтай жанындағы «Қазақстан балалары» депутаттық тобының жұмысын бастауы осы бағыттағы жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелерін заң шығару қызметінде басты назарда ұстау, – деді Дана Медеуова.


    Форум барысында балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологиялардың олардың дамуына ықпалы, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қатар барлық баланың білім алуына тең мүмкіндік жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиеваның төрағалығымен өткен іс-шараға депутаттармен қатар Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, доктор Наджат Маалла Мджид, Орталық Азия елдері мен Финляндияның бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облыстық мәслихаты" жаңалықтары