Салауатты қарым-қатынас формуласы: өзімізді және өзгелерді түсінуді үйренеміз

    1 / 5

    Қарым-қатынас — тек қыз бен жігіт арасындағы ұнату сезімі ғана емес. Жасөспірімдер мен жастар күн сайын сыныптастарымен, топтастарымен, достарымен, педагогтермен және жақындарымен қарым-қатынас орнатады. Олардың бір-бірін тыңдай білуі, жеке шекараны құрметтеуі және келіспеушіліктерді дұрыс шеше алуы ұжымдағы психологиялық ахуалға да, болашақ отбасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етеді.

    Дәл осы мәселелер «Салауатты қарым-қатынас формуласы» тренингтерінде талқыланды. Тренингтер Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері мен Заречный мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін өткізілді.

    Психолог Ирина Рудимен бірге қатысушылар күнделікті қарым-қатынаста кездесетін түрлі жағдайларды: түсініспеушілік пен жанжалдарды, құрдастар тарапынан болатын қысымды, реніш пен жеке шекараның бұзылуын талқылады. Олар қолдауды манипуляция мен бақылаудан ажыратуды, өз ұстанымын сабырлы түрде білдіруді, өзгені тыңдауды және мәселені агрессиясыз әрі қорламай шешу жолдарын үйренді.

    Әңгімелесудің жеке бір бөлігі алғашқы ұнату сезімі мен қыздар және жігіттер арасындағы қарым-қатынас мәдениетіне арналды. Өйткені бүгінде отбасында, достық қарым-қатынаста, оқу ұжымында және алғашқы сезімдер кезінде қалыптасатын өзара сыйластық дағдылары болашақта жауапты ерлі-зайыптылық пен ата-ана болудың негізіне айналады.

    Тренингтер отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жоба аясында өткізілді. Жобаны «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша жүзеге асыруда

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай ауданының әкімдігі" жаңалықтары