Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: эпидемиялық маусымға дайын болайықну

    Күздің келуімен ЖРВИ, тұмау инфекцияларының таралу қаупі артады. Сондықтан 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда қарапайым профилактикалық шараларды сақтау маңызды.

    Тұмаудан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап жүргізіледі. Әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алу ұсынылады.

    Аурудың алдын алу үшін:

    • адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
    • қажет болған жағдайда медициналық маска тағу;
    • қолды сабынмен жиі жуу;
    • бөлмелерді тұрақты желдету және ылғалды тазалау;
    • дұрыс тамақтанып, ұйқы мен демалыс тәртібін сақтау;
    • науқас адамдармен байланысты шектеу қажет.

    Ауру белгілері байқалса, үйде қалып, медициналық көмекке жүгініңіз. Дене қызуы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы немесе әлсіздік байқалған жағдайда баланы мектепке немесе балабақшаға жібермеген жөн.

    Есте сақтаңыз: антибиотиктер вирустарға әсер етпейді, сондықтан оларды өз бетінше қабылдауға болмайды.

    Денсаулығыңызды қорғаңыз – тұмауға қарсы вакцина алыңыз, профилактикалық шараларды сақтаңыз және аурудың алғашқы белгілерінде дәрігерге жүгініңіз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары