Қазақстанда гигиеналық оқыту емтихандарының нәтижелерін цифрлық есепке алу мүмкіндіктері кеңейтілуде. Тиісті өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 1 қазандағы № 128 бұйрығымен енгізілді.
Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін оқытуды жүргізген ұйым немесе маман емтихан нәтижелері туралы мәліметтерді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органының цифрлық жүйесіне немесе медициналық цифрлық жүйеге енгізеді.
Бұл мәліметтердің дұрыстығын арттыруға, гигиеналық оқытудан өткенін растау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге және нәтижелерді жалған ресімдеу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Гигиеналық оқыту тамақ өнеркәсібі, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, балаларды сауықтыру ұйымдары, жолаушылар көлігі, сумен жабдықтау жүйелері және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы белгіленген санаттағы қызметкерлер үшін міндетті.
Оқыту жұмысқа орналасу кезінде және одан кейін жыл сайын өткізіледі. Бағдарлама 12–18 сағат теориялық дайындықты және екі сағаттық емтиханды қамтиды. Емтиханнан сәтті өту үшін сұрақтардың 80 пайызынан астамына дұрыс жауап беру қажет.
Бұл ретте оқу бағдарламаларының мазмұны мен оқыту ұзақтығына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады.
Бұйрықпен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.




