ШҚО-да «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында «Үміт» балалары үшін концерт өтті

    1 / 13

    «Мейірім» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Шемонаиха ауданында арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының «Үміт» тәрбиеленушілерінің концерті өтті.

    Іс-шараға орталықтың 47 тәрбиеленушісі мен 24 қызметкері қатысты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

    Балалар өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрерменге жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Шемонаиха ауданының әкімі Ержан Шурманов балаларға өнер көрсеткендері, шынайылықтары және көрерменге сыйлаған ерекше әсерлері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, бақыт, табыс және барлық армандарының орындалуын тіледі.

    «Үміт» орталығының директоры Майра Бейсеканова да аудан тұрғындарына бейжай қарамай, балаларға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқандары үшін алғысын білдірді.

    Аудан тұрғындары қайырымдылық бастамасынан шет қалмай, балаларға азық-түлік себеттерін, тәттілер, жеміс-жидектер, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін тарту етті.

    «Мейірім» акциясы жақсылық жасаудың қарапайым көмектен басталатынын тағы бір мәрте көрсетті. Балаларға көрсетілген ықылас, қолдау мен шынайы қамқорлық оларға қуаныш сыйлап, жанында әрдайым қол ұшын созуға дайын жандар бар екенін сезінуге мүмкіндік береді.

    Акцияға атсалысқан жандарға көп рахмет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары