1 / 10
Шахтинск қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара өтті.
Қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің игілігі жолындағы бірлік пен отансүйгіштіктің, адал еңбектің маңыздылығын атап өттім.
Іс-шара аясында бірқатар азаматтарға лайықты марапаттар табысталды. Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың өнері толықтырды.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын!
Әр шаңыраққа амандық пен береке, елімізге өркендеу мен толайым табыс тілеймін!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі








