Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік қызметшілер мен түрлі сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады.
Олардың қатарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Қанат Ерубаев та бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде Олжас Бектенов Қазақстанның жетістіктері мемлекеттік реформалардың ғана емес, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтардың күнделікті еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен біз біртұтас ел ретінде ауқымды саяси реформаларды сәтті жүзеге асырдық. Қазақстан азаматтарының жасампаздық рухының арқасында маңызды саяси оқиғаларды жоғары жауапкершілікпен еңсеріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыруға кірістік», – деді Премьер-министр.
Қанат Ерубаевты мемлекеттік награда алуымен құттықтаймыз! Еңбегіне табыс, қызметіне толағай жетістіктер тілейміз!





