Абай облысындағы өрт кезінде полицейлер тұрғындарға көмектесіп, малды қауіпсіз қораларға айдады.
Абай облысының Мақаншы ауданында құрғақ шөп пен қамыстың жануы кезінде полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, ауыл тұрғындары мен олардың шаруашылықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесті.
Құтқарушылар отпен күресіп жатқанда, полицейлер жергілікті тұрғындармен байланыс орнатып, қалыптасқан жағдайды және өрт елдімекендерге жақындаған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына эвакуацияның ықтимал бағыттары көрсетілді.
Шаруа қожалықтарының иелерімен бірге полиция қызметкерлері малды өрт аймағына түсіп қалмауы үшін қауіпсіз қорғандарға айдады.
Қазан айында Қабанбай ауылының маңында екі бөлек өрт оқиғасы тіркелген.
Бірінші өрт 19 қазанда ауылдан 15 шақырым қашықтықта болған. Өрт қамысты-батпақты алқаптың 1500 гектар аумағын шарпыған. Өрт 21 қазанда оқшауланды.
Екінші өрт 25 қазанда сағат 13:40-та "Ғарыш Сапары" АҚ-ның геосервисі арқылы жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Термо-нүкте Қабанбай ауылдық округінің аумағында, Қабанбай ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан. Құрғақ шөптің жану аумағы 60 гектарды құрады. Сол түні сағат 21:11-де өрт оқшауланды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Мақаншы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімінің қызметкерлері кезекшілік атқаруда.









