«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекеме·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
ОРВИ мен тұмаудың маусымдық өршуі кезінде алдын алу шараларын сақтау және дәрілік заттарды дұрыс қолдану маңызды.
* дене қызуын өлшейтін термометр;
* дене қызуы көтерілгенде және ауырсыну кезінде парацетамол немесе ибупрофен;
* мұрынды шаюға арналған тұзды ерітінді;
* регидратацияға арналған құралдар.
Антибиотиктер вирустарға әсер етпейді. Олар медициналық көрсетілімдер болған жағдайда дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Рецепт бойынша берілетін вирусқа қарсы дәрілік заттарды медицина қызметкерінің тағайындауынсыз қабылдамаңыз.
Кейбір суық тиюге қарсы препараттардың құрамында парацетамол бар. Бірдей әсер етуші заты бар бірнеше дәрілік затты қатар қабылдамаңыз.
Дәрілік затты сатып алмас бұрын оның құны туралы ақпаратты «Нақты өнім» және «Дәрі KZ» ақпараттық ресурстарынан тексеруге болады.
Бір дәрілік заттың бағасын басқа дәріханалардан да қарап, салыстырыңыз.
Дәріні таңдағанда халықаралық патенттелмеген атауына (ХПА), дозасына және дәрілік түріне назар аударыңыз.
Мына жағдайларда медициналық көмекке жүгініңіз:
* дене қызуы ұзақ уақыт сақталса;
* тыныс алу қиындаса;
* кеуде тұсында ауырсыну немесе ауырлық сезімі пайда болса;
* қатты әлсіздік байқалса;
* жағдай күрт нашарласа;
* жағдай жақсарғаннан кейін қайта нашарласа.
Балаларға, егде жастағы адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше назар аудару қажет.
Фармация комитеті алдын алу шараларын сақтауға, дәрілік заттарды нұсқаулыққа және медицина қызметкерінің тағайындауына сәйкес қолдануға, ал жағдай нашарлаған кезде медициналық көмекке уақытылы жүгінуге кеңес береді.





