ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІ: ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ РЕЦЕПТ БОЙЫНША БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ

    🔎 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері фармация нарығындағы субъектілер арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рецептімен босатылатын дәрілік заттарды беру қағидаларының сақталуын бақылайды.
    📊 2026 жылдың 9 айында дәрілік заттарды рецептісіз сату фактілері бойынша жалпы сомасы 17,2 млн теңгені құрайтын 79 әкімшілік хаттама толтырылды.
    ⚖️ Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық көзделген.
    💊 Фармация комитеті дәріхана басшылары мен қызметкерлеріне рецептімен босатылатын дәрілік заттарды беру қағидаларын қатаң сақтаудың қажеттігін еске салады.
    👩‍⚕️ Құрметті азаматтар! Өзін-өзі емдеуден аулақ болыңыз және рецептімен берілетін дәрілік заттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдаңыз.
    💚 Заңнама талаптарының сақталуын бақылау – дәрімен емделуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халық денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекеме" жаңалықтары