Бүгін аудандық мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты мерекелік шара өтті.
Елдігімізді ұлықтап, бірлігімізді дәріптеген мерекелік жиынға аудан әкімі Айбек Купенов қатысып, аудан тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады.
– Республика күні – халқымыздың азаттық жолындағы асқақ арманы ақиқатқа айналып, елдігіміздің жаңа белесі басталған тарихи күн. Бұл – өткенімізге тағзым етіп, бүгінімізге шүкіршілік білдіріп, болашағымызға сеніммен қарайтын ұлық мереке.
Еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі – халқымыздың ынтымағы, қоғамдағы тұрақтылық және заң үстемдігі. «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстану, азаматтардың құқықтарын құрметтеу және ортақ жауапкершілікті сезіну – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Ауданымыздың әрбір жетістігінің артында ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегі мен халқымыздың берекелі бірлігі тұр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк байрағымыз көгімізде асқақ желбірей берсін! – деді аудан басшысы.
🇰🇿 Мерекенің мерейін арттырған тағылымды сәттердің бірі – марапаттау рәсімі болды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, түрлі салада адал еңбегімен ерекшеленген бірқатар азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕҢСЕЛІ МЕРЕКЕСІ!
1 / 6
Ұқсас материалдар

Мемлекеттік бағалы қазағдарды шығару туралы
Қаржы басқармасыАшу
Түркістан облысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды
Түркістан облысының Полиция департаментіАшу
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
2026 жылдан бастап жерге қатысты бірқатар мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшірілді
Кентау қаласы әкімдігінің аппаратыАшу
Абай облысының экономикасына тоғыз айда 417,7 млрд теңге инвестиция тартылды
Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасыАшу
"Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
БҰЛАҚТЫКӨЛ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
КЕМЕРШІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
ЖАҢАТАҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу