2026 жылғы 19 қазан, Самарқанд - Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының «С5+1» форматындағы министрлік кездесуі аясында Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды.
Өзбекстан Басшысы соңғы жылдары екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге көтерілгенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, қазақ-өзбек стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мақсатында Қазақстанмен көпсалалы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде М.Тілеуберді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Қазақстандық дипломат бүгінгі таңда қазақ-өзбек қарым-қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті. Бұған жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімге негізделген саяси диалог қолғабыс етеді.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
1 / 5
Ұқсас материалдар

Қазақстанның Бас консулы Самарқандтағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Самарқанд қаласында өткен «Балалардың әл-ауқатына инвестиция салу: болашақ ұрпақ үшін орнықты әрі әділетті дамуға бастар жол» атты Дүниежүзілік саммитке қатысты.
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Самарқандта Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Министрлік туралы Комитеттер Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Протокол Байланыс ақпараты Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту бағытын растады
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Самарқанд мемлекеттік университеті профессор Ибодулла Мирзаевтың туғанына 80 жыл толуын атап өтті
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
"Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары

Қазақстанның Бас консулы Әмір Темір ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясы Азия конституциялық соттары қауымдастығының VII Конгресіне қатысты
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Қазақстанның Бас консулы Самарқандтағы ZARMED университетінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты.
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Қазақстанның Самарқанд қаласындағы Бас консулы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қорытынды іс-шараларына қатысты
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу
Түркия Республикасының Бас консулы Мехмет Маджит Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулдығына сыпайылық сапармен келді
Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығыАшу