Приречный ауылдық округінде кірпіш зауытының құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталды. Жобаның жалпы аумағы 3 гектарды құрайды.
Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 мың дана кірпіш өндіруге есептелген. Мұнда кірпіштің 4 түрін шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде жылына 36,5 миллион дана кірпіш өндіретін болады.
Қазіргі уақытта нысанда инженерлік инфрақұрылымды тарту және құрылысқа қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, нысанды электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында әуе және жер асты электр желілерін тарту, тірек бағандарын орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар құрылыс алаңында жұмысшыларға қажетті жағдай жасалып, уақытша контейнерлер орналастырылған.
Жобаны 2027 жылдың екінші тоқсанына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Кәсіпорын іске қосылған кезде жергілікті тұрғындар арасынан 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл жоба өңірдің құрылыс материалдарына деген сұранысын қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.
ПРИРЕЧНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
Ұқсас материалдар

АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Семейде екі Hyundai автокөлігі соқтығысты
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді
Жетісу облысы Қаратал ауданы Айту би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Құқықбұзушылықтың алдын алу-қауіпсіз болашақ кепілі: Абай облысында Полиция департаменті бастығының орынбасары қауіпсіздік сабағын өткізді
Абай облысының Полиция департаментіАшу
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ МАС ЖҮРГІЗУШІ ТОҚТАТЫЛДЫ: BMW-320 ТІЗГІНІНДЕГІ ЖАУАПСЫЗДЫҚТЫҢ ҚҰНЫ — 7 ЖЫЛ
Абай облысының Полиция департаментіАшу