Еңбек-ел мұраты!

    Астана қаласында Еңбек күніне орай «Еңбек-ел мұраты» республикалық форумы өтті.

    Форум аясында еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, өз саласына ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп келе жатқан мамандар марапатталды.

    Солардың қатарында Абай облысы Жаңасемей ауданы Приречное ауылдық округінің Приречное ауылының тұрғыны, «Агрофирма «Приречное» ЖШС-нің механизаторы Жұмабеков Бейсенғазы Қуандықұлы да бар.

    Бейсенғазы Қуандықұлы ел игілігі жолындағы ерен еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    Еңбек адамына құрмет-елге құрмет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар