«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Сұрыпта, тапсыр, қайта өңде!» акциясы аясында Абай ауданының оқушылары «Ресайклинг Сервис» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына экскурсия жасады.
Экскурсияға Абай қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі мен Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-қосымша білім беру орталығының оқушылары қатысты.
Оқушылар қалдықтарды жинау және сұрыптау үдерісімен танысып, қайталама шикізатты қайта өңдеудің маңызы туралы білді. Сондай-ақ қалдықтарды полигонға көму көлемін азайту және қоршаған ортаны қорғау жолдары түсіндірілді.
Мұндай танымдық шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Қоршаған ортаның тазалығы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады.
Акция Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша өткізіледі.
Сұрыпта → Тапсыр → Қайта өңде!
Таза болашақ өзімізден басталады!









