ОБЛЫСАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН БІРІКТІРДІ

    Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарының орман шаруашылығы мекемелері арасында облысаралық спартакиада өтті. Жарысқа сегіз команда қатысып, спорттық шеберліктерін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

    Қатысушылар волейбол, үстел теннисі, шахмат, өрт-қолданбалы спорт түрлері, сондай-ақ қошқар көтеру және арқан тарту бойынша бақ сынады.

    Командалық жалпы есептің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    Бірінші орын — Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы.

    Екінші орын— Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

    Үшінші орын — Ақтоғай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы.

    Облысаралық спартакиада спорттық бәсекемен қатар, әр мекеменің ұжымдары арасындағы достық байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ортақ мақсат жолында бірлікті арттыруға мүмкіндік берді. Қатысушыларды біріктіретін басты құндылық — Қазақстанның орман байлығы мен табиғи мұрасын сақтау.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға зор денсаулық, толағай табыс, жаңа жетістіктер және табиғатты қорғау жолындағы игілікті еңбектеріне сәттілік тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" жаңалықтары