1 / 7
Қарағанды облысында орман қорын молайту және жасыл алқаптарды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Биыл күзде 63 гектар аумаққа жапырақты ағаштардың 209,9 мың көшетін отырғызу жоспарланған.
Күзгі орман отырғызу жұмыстарына қажетті сапалы көшет қорын дайындау мақсатында Қарағанды орман шаруашылығының тұрақты орман питомнигінде үйеңкі көшеттерін қазып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 346 мың көшет дайындалды.
Қазіргі уақытта көшет қазып алу жұмыстары толық аяқталды. Дайындалған отырғызу материалы жоспарланған орман отырғызу жұмыстарын қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл шаралар орман алқаптарын ұлғайтуға, орман ресурстарын қалпына келтіруге және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.







