Аналитикалық анықтама «Алатау қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

    1 / 2

    «Алатау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының шешімі негізінде 2025 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:

    1) нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (Аппарат Ережесін қоса алғанда);

    2) Аппараттың ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    I. Талдау бойынша жалпы қорытындылар

    Нормативтік құқықтық актілердегі тәуекелдерді анықтау:

    Аппараттың Ережесінде және бөлімдердің ережелерінде Алатау қаласының ерекше құқықтық режимінің ерекшеліктерін және Қазақстан Республикасының «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңының талаптарын ескермейтін, құқықтық олқылықтар мен дискрециялық өкілеттіктер тудыратын ескірген және бланкеттік нормалардың бар екендігі анықталды.

    Ұйымдастыру-басқарушылық қызметтегі тәуекелдерді анықтау:

    Мемлекеттік қызметке түсу кезінде конкурс рәсімдерін өткізу барысында мүдделер қақтығысы, аффилирлену немесе бұзушылықтар фактілері анықталған жоқ.

    Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен жүйелік кемшіліктер ұйымдастыру-басқарушылық құжаттамада (бөлім ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтар) анықталды және төмендегілерден көрініс табады:

    Басшылық пен мамандар арасында функциялардың негізсіз қайталануы және операционалдық пен стратегиялық функционалдың араласып кетуі (кадр, қаржы-шаруашылық, ұйымдастырушылық және құжат айналымы салаларында).

    Нақты процессуалдық регламенттер мен өлшемшарттар болмаған кезде, жекелеген қызметкерлер мен әкімнің кеңесшісінің шектен тыс бақылау-қадағалау және дискрециялық өкілеттіктерінің болуы.

    II. Тәуекелдер анықталған салалар және оларды жою жөніндегі шаралар

    Жалпы құқықтық актілер және Аппарат Ережесі:

    Анықталған тәуекелдер: Жергілікті актілердің қаланың ерекше құқықтық режиміне сәйкес келмеуіне байланысты құқықтық вакуум тәуекелдері.

    Қабылданған шаралар: Аппарат Ережесі ҚР «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңына толық сәйкес келтіріліп, Алатау қаласы Кеңесінің шешімімен бекітілуге тиіс.

    Анықталған тәуекелдер: Функциялардың қайталану тәуекелдері, «құқылы және міндетті» деген тұжырымдамалар арқылы жауапкершіліктің бұлдырауы, сондай-ақ ерекше режим кадрларының ерекшелігін есепке алмау.

    Қабылданған шаралар: Басшылық буын мен мамандар арасында лауазымдық міндеттерді разграничение (жіктеу) жасау жүргізілді, артық құқықтар алынып тасталды және ерекше құқықтық режим нормаларына сәйкестігі қамтамасыз етілді.

    Қамтамасыз етуші және бақылау бөлімшелері:

    Анықталған тәуекелдер: Басқа органдардың қызметіне тым көп араласу тәуекелдері, тексеру регламенттерінің жоқтығы, кеңесші мәртебесінің бақылау-тергеу функцияларымен араласып кетуі.

    Қабылданған шаралар: Регламенттелмеген бақылау-қадағалау өкілеттіктері алынып тасталды, функциялар мониторинг пен талдауға дейін тарылтылып лауазымдық нұсқаулықтар қайта қаралды, бейпрофильді міндеттер жойылып, бағыныстылықтағы коллизиялар ретке келтірілді.

    III. Қорытынды бөлім

    Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

    Талдау нәтижелері шаралар қабылдау және жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын бақылау үшін Аппарат басшысына жіберілді.

    Танысуға арналған қосымшалар:

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізбесі (1-қосымша).

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары (2-қосымша).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алатау қаласы әкімдігі" жаңалықтары