26 қыркүйек күні Алатау қаласы әкімдігінің ғимаратында облыстық деңгейде «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара әлеуметтік және білім беру салалары бойынша тұрғындарға арналды. Шара барысында азаматтарға әлеуметтік қолдау шаралары, білім беру бағытындағы қызметтер және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша ақпарат берілді.
Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.





