Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
🔹 Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.
🔹І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.
🔹«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.
https://t.me/aqorda_resmi/36524








