Абай облысында Рухани келісім күніне орай қоғамдық келісімді нығайтуға, конфессияаралық татулықты дәріптеуге және діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған облыстық форум өтті.
Форумның алғашқы күні, 14 қазанда, Абай облысы әкімінің орынбасары М. Раханов құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Іс-шара аясында бірлік пен ынтымақтың символына айналған «Бірлік тамыры» атты көшет отырғызу әлеуметтік акциясы да ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, PhD докторы, РАТТ мүшесі Тимур Нүсіпханов діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ осы бағытта халықпен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдеріне арналған семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында қатысушылар діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдарын талқылады. Сондай-ақ профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру, қоғамдағы дінаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.
15 қазанда командалық интеллектуалдық QUIZ ойыны өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар жеңімпаз атанып, арнайы марапаттарға ие болды.
Сонымен қатар форумға қатысушылар үшін Семей қаласының музейлеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл шара қатысушылардың тарихи-мәдени мұра туралы білімдерін кеңейтіп, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Форум қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға, татулық пен бірлікті дәріптеуге, дінаралық диалогты дамытуға және қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған маңызды алаң болмақ.
Рухани келісім - бірлікке бастар жол
1 / 22
Ұқсас материалдар

СҚО-да полицейлер, ардагерлер мен әскери қызметшілер Республика күніне орай марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында тексерілген 7 ауыр жүк көлігінің 4-еуінен артық салмақ анықтады
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстанда "Қауіпсіз үй" профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Республика күні қарсаңында СҚО-да полиция қызметкерлері эстафеталық жарыс өткізді
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасыАшу
"Абай облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Абай облысының дін істері басқармасыАшу
ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ
Абай облысының дін істері басқармасыАшуАбай облысында діни бірлестіктер басшыларының кезекті клуб отырысы өтті
Абай облысының дін істері басқармасыАшу
Отбасы күніне арналған діни бірлестіктер арасында шахмат турнирі өтті
Абай облысының дін істері басқармасыАшу
Абай облысында "Бір экран - бір үндеу" профлактикалық акциясы өткізілді
Абай облысының дін істері басқармасыАшу