Ақтөбеде полицей Қытайдан келген туристерге көмек көрсетті

    Ақтөбе облысына саяхаттап барған Қытай туристері патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Бекжан Елеусізовтен көмек сұрап жүгінген.

    Шетелдік қонақтар баратын жеріне қалай жетуге болатынын білгісі келген. Полицей оларға жол бағытын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жолда сақ болу керектігін де ескерткен.

    Бір қарағанда, күнделікті кездесетін қарапайым жағдай. Алайда дәл осындай сәттерде адамның шынайы болмысы көрінеді.

    Ақтөбелік полицейдің ілтипаты, ақжарқын қарым-қатынасы мен қонақтардың қауіпсіздігіне деген жанашырлығы туристерге ерекше әсер қалдырды.

    Өйткені Қазақстан қонақтарын тек әсем табиғатымен ғана емес, кең пейілді, жүрегі жылы адамдарымен де қарсы алады.

    Осындай қарапайым әрі игі істер еліміздің шетелдіктер алдындағы жағымды бейнесін қалыптастырып, олардың жүрегінде Қазақстан туралы жылы естеліктер қалдырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары