Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Сиқырлы нышандар» сериясынан«AQYQ» коллекциялық монетасын айналысқашығарады.
Коллекциялық монеталар 2026 жылғы 27 қазаннан бастап ҚҰБhttps://kazcoins.nationalbank.kzинтернет-дүкені арқылы сатылады.
Коллекциялық монета туралы
«AQYQ»– жартылай асыл тас. Халцедон тобына жатады. Зергерлік бұйымдар мен сәндік заттарда қолданылады. Монетаның көркемдік безендірілуінен қазақ зергер өнерінің қолтаңбасы айқын көрінеді: зерделі сіркелеу әдісі, теріс бетіндегі өрнек пен ақық қондырмасы өзара жарасым тапқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде алқа бауын тағуға мүмкіндік беретін арнайы баулық қарастырылған.
925 сынамалы күмістен дайындалған монетаға ақық тасы қондырылған. Оның массасы – 20 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «antique silver», номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 5 000 (бес мың) дана.
Монетаның бейнесі
Коллекциялық монеталарҚазақстан Республикасының бүкіл аумағындаөзінің белгіленген құнына сайбарлық төлем түріндеқабылдауға, сондай-ақ елдіңбарлық банкіндебанк шоттарына есепке алуға,аударуға,ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.










