Қазақстан Республикасы күніне орай Павлодарлық М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп патриоттық батл ұйымдастырылды. Іс-шараға 50 оқушы қатысып, ел тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен командалық рухын көрсетті.
Қатысушыларды бірнеше қызықты кезең күтіп тұрды. «Тарих сөйлейді» кезеңінде Қазақстан тарихы бойынша білімдері сыналса, «Рәміздер сөйлейді» бөлімінде мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтар туралы сұрақтарға жауап берді. «Қауіпсіз ел – қауіпсіз болашақ» кезеңінде төтенше жағдайлар мамандары қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
Ал «Болашақ Қазақстан» шығармашылық кезеңінде оқушылар қаланы дамыту, волонтерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу жөнінде өз идеяларын ұсынды.
Іс-шара патриотизмнің туған жерді сүюмен ғана шектелмейтінін, ел болашағына жауапкершілікпен қарау, қоғамға пайда келтіру және ортақ іске үлес қосу екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Батл соңында қатысушылар «Менің елім! Менің Қазақстаным!» патриоттық трендіне қатысып, бірлік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.









