«Заң мен тәртіп»: құқықтық тәрбие мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи стратегиялары

    1 / 2

    2026 жылғы 21 қазанда Павлодарлқы М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп – құқықтық тәрбие мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи стратегиялары» атты облыстық семинар-практикум өтті.

    Семинарға директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері, педагог-психологтер, білім беру басқармасының, құқық қорғау органдарының және

    Өңірлік психологиялық қолдау орталығының өкілдері қатысты. Қатысушылар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

    Павлодар облысы бойынша «Адал Азамат» бағдарламасының тренері Гүлбдана Теміржанова «Заң мен тәртіп» құндылығын жүзеге асырудың ерекшеліктерін түсіндіріп, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.

    Практикалық бөлімде шеберлік сабақтары мен педагогикалық жағдаяттарды талдау жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар нақты жағдайларды қарастырып, құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алу, мектеп, отбасы және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылады.

    Семинардың негізгі түйіні – құқықтық тәрбие ересектердің жеке үлгісінен, заңға құрмет пен әр баланың қауіпсіздігіне деген жауапкершіліктен басталады.

    Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи шешімдерді талқылауға және адал, жауапты әрі елінің белсенді азаматы болатын ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаңға айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары