«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды

    «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасына қатысқан тәлімгер шеберлердің бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды. Енді кез келген адам қазақтың қолөнерінің ерекшелігімен танысып, тәжірибелі мамандардан тегін үйрене алады. Сабақтар қолданбалы өнердің түрлі бағыттарын өз бетінше меңгеруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

    Жобаны «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Білім беру жобасы аясында 10 қолөнер шеберінен 8-20 жас аралығындағы 208 оқушы тәлім алды. Оқу бағдарламасы зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, киіз басу, керамика, кілем тоқу және дәстүрлі қолданбалы өнердің өзге де түрлерін қамтитын 10 бағыт бойынша өтті.

    Бейнесабақтар шеберлердің білімі мен тәжірибесін көпшілікке танытуға, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге және қолөнер дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

    Аталған бейнесабақтардыYouTube желісіндегі «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы бойынша тізімнен көруге болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық әкімшілігі" жаңалықтары