Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізу туралы

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға байкау жариялайды ( 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Занына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес).

    Байқау Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

    Құжаттар 2026 жылғы 22 қазан – 5 қараша аралығында (қоса алғанда) қабылданады.

    Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 21 адам - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

    Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

    1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін;

    2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

    3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

    4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

    5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

    Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды цифрлық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

    Құжаттар электрондық пошта - [email protected] немесе мына мекенжай бойынша жіберіледі: 010000, қаласы Астана, пр. Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс.

    Анықтама телефоны: +7 7172 74 04 50

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары