Алматыда «Қазақстан күміс жастағы жандардың көзімен» көрмесі ашылды

    1 / 4

    Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Қазақстан күміс жастағы жандардың көзімен» көрмесі ашылды. Көрмеге Алматы қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Бостандық бөлімшесінде «Кескіндеме және сурет» курсына қатысатын зейнеткерлердің туындылары қойылды.

    Экспозицияда пейзаж бен натюрморт жанрларындағы 40-қа жуық кескіндеме туындысы ұсынылған. Авторлар өз шығармаларында әсем табиғатты бейнелеп, өмірлік тәжірибесін және қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасын жеткізген.

    Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2022 жылы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен құрылған. Орталық зейнет жасындағы азаматтарға шығармашылық, білім беру және сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. «Кескіндеме және сурет» курсы қатысушылардың сурет салу дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.

    Көрме 27 қазанға дейін жалғасады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары