Ұялы байланыс пен мобильді интернет бойынша

    «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026жылғы10қыркүйектенбастапҰлытауоблысыныңаумағындаұялыбайланысжелісінауқымдыжаңғыртужұмыстарыжүргізілуде.

    Аталған жұмыстар шеңберінде базалық станциялардың қолданыстағы Nokia жабдықтарын Huawei жабдықтарына кезең-кезеңімен ауыстыру (SWAP) көзделген.

    Жабдықтарды бөлшектеу және жаңаларын орнату барысында базалық станциялардың жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ажырату ұзақтығы станциялардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылуы ықтимал.

    Жаңғырту жұмыстары байланыс желісіндегі үзілістерді барынша азайту мақсатында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жұмыстардыңжалпыұзақтығы1,5–2айдықұрайды.

    Оператордың мәліметінше, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ұялы байланыс сапасы мен мобильді интернет жылдамдығының айтарлықтай жақсаруы күтіледі.

    Осығанбайланысты,жаңғыртужұмыстарыкезеңіндеұялыбайланыспенмобильдіинтернетқызметтеріндеуақытшаүзілістерменсапаныңтөмендеуімүмкінекенінескереотырып,аталғанақпараттықалажәнеаудантұрғындарынажергіліктіақпараттықресурстарменресмиәлеуметтікжелілерарқылыалдыналажеткізудісұраймыз.

    Өз кезегінде, Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы байланыс сапасын жақсарту және туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында байланыс операторымен өзара іс-қимылды жалғастырады.

    «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұсынған ақпарат

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жезқазған қаласының әкімдігі" жаңалықтары