1. Шот-фактураны жазып беру нысаны
Шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) электрондық нысанда жазып беріледі.
Қағаз жеткізгіште шот-фактураны мынадай жағдайларда жазып беруге рұқсат етіледі:
• салық төлеушінің орналасқан жерінде жалпыға ортақ телекоммуникация желісінің болмауы;
• техникалық қателерге байланысты ЭШФ жазып берудің мүмкін еместігі туралы расталған ақпараттың болуы;
• Салық кодексінің 88-бабына сәйкес ЭШФ жазып берудің тоқтатыла тұруы;
• төтенше жағдай немесе төтенше ахуал кезеңінде.
Бұл ретте қағаз жеткізгіштегі шот-фактура ЭШФ АЖ-ға:
• техникалық қателер жойылған немесе шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру күшінің күші жойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
• төтенше жағдай немесе төтенше ахуал кезеңі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде енгізілуге тиіс.
2. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактураға қойылатын талаптар
Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура электрондық шот-фактураның нысаны бойынша екі данада жазып беріледі. Оның бір данасы тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді алушыға тапсырылады. Қағаз шот-фактурада электрондық нысанда көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге болады.
3. Валюта
Шот-фактурадағы құндық және сомалық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгемен көрсетіледі.
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері
Егер тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруші не алушы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болса, белгіленген талаптар сақталған жағдайда шот-фактурада осы құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге рұқсат етіледі.
5. Айналым жасалған күн және айналым мөлшері
Айналым жасалған күн Салық кодексінің 460-бабына, ал айналым мөлшері 461 және 462-баптарына сәйкес айқындалады.
ҚР САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ 209-БАБЫ: ҚҚС ТӨЛЕУШІЛЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ШОТ-ФАКТУРАНЫ ЖАЗЫП БЕРУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ұқсас материалдар

ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу«Таза Қазақстан»: Жетісудың Үштөбе қаласында жаңарған саябақ ашылды
Жетісу облысы Қаратал ауданы Айту би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
«Таза Қазақстан» акциясы аясында экоплоггинг сайысы өткізілді!
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
Алаяқтықтың кең таралған 10 түрі
Мамлют ауданының әкімдігіАшу
"Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
2026 ЖЫЛДАН БАСТАП КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
КТС бойынша аванстық төлемдер: негізгі өзгерістер
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Құрметті салық төлеушілер!
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Кедендік бақылаудан кейінгі бақылау: негізгі бұзушылықтар және жауапкершілік.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу