1 / 2
Рахат ауылдық округі бойынша 4 елді мекенді жарықтандыру мәселесі қарастырылды. Аталған елді мекендерде көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуші мердігер мекеменің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жарықтандыру мәселелері талқыланып, жоспарланған жұмыстардың жай-күйі зерделеніп, тиісті мәселелер жан-жақты қарастырылды.









