Ордабасы ауданының құтқарушылары марапатталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 4

    Аудан әкімі Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы Оралбаев Ордабасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    Мерекелік құттықтау барысында аудан әкімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген құтқарушыларға алғысын білдіріп, олардың жауапты да абыройлы қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерге еңбегі мен қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін грамоталар табыстады.

    Құтқарушы – қиын сәтте көмекке келіп, адам өмірін сақтап қалуды басты міндеті санайтын ержүрек маман. Олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

    Барша құтқарушыларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне сәттілік және әрдайым абырой биігінен көрінулерін тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті құтқарушылар!

    Мерекелік шара соңында құтқарушылардың қажырлы еңбегі ерекше аталып өтіліп, олардың қоғам тыныштығын сақтаудағы рөлі тағы бір мәрте айшықталды. Бұл марапат – әрбір қызметкердің адал еңбегіне берілген лайықты баға.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары