Алтай ауданының әкімі Тураров Е.Т. Алтай қаласында бейінді қызметтердің басшыларымен бірлесіп, сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртудың I, II және III кезектеріндегі жұмыстардың барысын тексерді.

    1 / 6

    Жұмыс сапары барысында Бажов көшесі, 1 мекенжайында орналасқан сорғы станциясының жұмысымен, сондай-ақ Алтай қаласындағы жылу пункттерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
    Тексеру барысында орындалып жатқан жұмыстардың сапасына, белгіленген мерзімдердің сақталуына, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты басшыларға жұмыстардың барысын одан әрі бақылау және жоспарланған іс-шараларды уақытылы аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
    Аталған жобаларды іске асыру қала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Алтай қаласының инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға маңызды үлес қосады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары