Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жиын барысында кәмелетке толмаған балалардың мектепте және одан тыс жерлерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы және интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ата-аналар мен педагогтердің өзара ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді. Ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылау, олардың араласатын ортасына көңіл бөлу және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың білім алуы мен дамуына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.







