Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

    1 / 3

    Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

    Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан тұрғын үй, жер, «Қарасу» шағын ауданындағы жатақханадан уақытша пәтер беру, қоқыс жәшіктері бойынша сауалдарын қойды.

    Сонымен қатар Әйтеке би, №7 тұрғын үй жөндеуден өткізу, талдарды кесу, арық жүйелерін қалпына келтіру, жол белгілерін орнату және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.

    Шаһар басшысы өз кезегінде әрбір сауалға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелер заң аясында өз шешімін табатынын жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары