Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратта көрсетілген Алматы қаласындағы «Аяжан» жекеменшік клиникасының қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастамақ. Тексеру жалған медициналық анықтамалар мен жеке медициналық кітапшаларды беруі мүмкін деген деректерді анықтауға бағытталған.
Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар расталған жағдайда, уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ жалған құжаттарды көрінеу пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Медициналық құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес нақты жүргізілген медициналық қарап-тексерулер мен зерттеулердің нәтижелері бойынша ғана ресімделуге тиіс. Белгіленген тәртіпті айналып өтіп, мұндай құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға жол берілмейді.
Заңсыз құжат ресімдеген адамдар ғана емес, жалған анықтамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын көрінеу сатып алған немесе пайдаланған азаматтар да жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Министрлік азаматтарды медициналық негіздерсіз анықтама немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ресімдеу туралы ұсыныстарға келіспеуге, медициналық ұйым қызметінің заңдылығын тексеруге және анықталған заңбұзушылықтар туралы құзыретті органдарға хабарлауға шақырады.
Қазақстанда деректерді қолмен енгізу көлемін азайтуға, медициналық құжаттаманың қалыптастырылуын бақылау мен оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдар жүйелі түрде енгізіліп келеді.
2026 жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы 13,7 миллионнан астам электрондық медициналық құжат қалыптастырылып, берілген.
Азаматтар электрондық форматта 8 095 396 медициналық анықтама мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, сондай-ақ диспансерлік есепке қатысты 5 698 396 анықтама алған. Олардың қатарында психиатрия, наркология және фтизиатрия бағыттары бойынша берілген анықтамалар да бар.
Министрлік еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алу үдерісін қайта қарап, оңтайландырды. Енді медициналық ұйым қызметкері медициналық ақпараттық жүйеде (МАЖ) құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойғаннан кейін ғана еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Бұл құжаттың заңдылығын растауға мүмкіндік береді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылғаны туралы ақпарат азаматтың келісімімен жұмыс берушіге жолданады. Атап айтқанда, hr.enbek.kz порталында жұмыс берушіге еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылғаны және ұзартылғаны туралы мәліметтер қолжетімді болады. Ал қызметкер бұл құжатты Enbek HR мобильдік қосымшасы арқылы көре алады.
Электрондық медициналық құжаттар медициналық қарап-тексеруден өту, дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың қорытындыларын алу, еңбекке уақытша жарамсыздықты ресімдеу, мүгедектікті белгілеу рәсімдерінен өту, санаторийлік-курорттық ем алу, балаларға арналған медициналық құжаттарды ресімдеу және жұмысқа орналасу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен басқа да ақпараттық жүйелерге мәліметтер ұсыну үшін пайдаланылады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК КЛИНИКАДА ЖАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР БЕРІЛУІ МҮМКІН ЕКЕНІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ
Ұқсас материалдар

Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы
ГУ Аппарата акима Жагаталского сельского округаАшу
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІМЕН!
Шортанды ауданының әкімдігіАшу
Түркістан облысының полицейлері дрон арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады
Түркістан облысының Полиция департаментіАшу
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Жетісу облысының білім басқармасыАшу
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады
ҚР БПАшу
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАНДА APPLE, SAMSUNG СМАРТ-САҒАТТАРЫ МЕН AIRPODS ҚҰЛАҚҚАПТАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДА 81 ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ 189 АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМШЕ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАУДА
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА СКРИНИНГТЕР МЕН ЕКПЕЛЕР ТУРАЛЫ 1414 АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАНАТЫН БОЛАДЫ
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ӨКПЕГЕ РОБОТТЫҢ КӨМЕГІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛДЫ
ҚР ДСМАшу