ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІМЕН!

    Құрметті құтқарушылар және төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері!

    Сіздерді Шортанды ауданы әкімдігі мен аудан әкімі атынан кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз үлкен жауапкершілікті, батылдықты және кәсібилікті талап етеді. Адам өмірін сақтап қалу, төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.

    Қиын сәттерде жедел әрекет етіп, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға алғыс білдіреміз.

    Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және қызмет барысында сәттілік тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

    Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары